date

АҚШ-тағы қарлы боран: 1600-ден астам рейс тоқтатылды

АҚШ-тағы қарлы боран: 1600-ден астам рейс тоқтатылды

Америка Құрама Штаттарында байқалып отырған қатты қар жаууы әуе көлігі қозғалысында үлкен қиындықтар тудырды.

26 декабрь күні ауа райының қолайсыздығына байланысты АҚШ-та 1600-ден астам рейс тоқтатылды. Бұл туралы авиациялық қозғалысты бақылайтын FlightAware порталы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, негізгі соққы Нью-Йорк қаласы мен оның айналасындағы ірі әуежайларға тиесілі болған:

- Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежай;

- Ла-Гуардия әуежайы;

- Ньюарк әуежайы.

Бұл аумақтарда қардың қалыңдығы 23 сантиметрге дейін жетеді деп болжанған, бұл ұшақтардың қауіпсіз қозғалысына кедергі келтірді.

Тек рейстерді тоқтатумен шектелмей, жалпы 19 мыңнан астам рейс белгісіз мерзімге кешіктірілді. Сондай-ақ Бостон, Детройт және Филадельфия әуежайларында да жолаушылар үлкен қиындықтарға тап болуда.

Қазір әуе компаниялары кестелерді қайта қарап, жолаушылардан әуежайға шығар алдында мәліметтерді нақтылауды сұрайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ-тағы қарлы боран: 1600-ден астам рейс тоқтатылды