date

Құрбан айт намазы қалай оқылады

Құрбан айт намазы қалай оқылады?

Аллаһтың разылығы үшін Ораза айт намазын оқуға ниет етіледі.

  1. Имам «Аллаһу әкбар» деп тақбир айтқан соң, жамағат да қолдарын көтеріп, ішінен ифтихат тақбирын (Аллаһу әкбар) айтады.
  2. Тақбир айтқаннан кейін, қолды қосып тұрып, әркім ішінен сәна дұғасын оқиды. Содан кейін имам қолдарын құлағына көтеріп, үш рет тақбир айтады. Жамағат да оған ереді. Бірінші және екінші тақбирде қолдар жанына түсіріледі. Үшінші тақбирден кейін қолдар байланып, қиям халінде тұрылады.
  3. Имам ішінен «Әъузү» мен «Бисмилләһ» деп, дауыстап «Фатиха» сүресін және Зам сүресін оқиды. Тақбир айтып, рұқу және сәжде атқарылады.
  4. Содан кейін екінші рақатқа тұрылады. Имам «Фатиха» сүресімен Зам сүресін оқыған соң, рұқуға бармай тұрып, бірінші рақаттағыдай үш рет тақбир айтады.
  5. Төртінші тақбирде қолды көтермей, имамның артынан рұқу және сәжде атқарылады.
  6. Сәжден кейін «Әттәһият», «Салават» және «Дұға» оқылып, сәлем беріліп, намаз аяқталады.

Аллаһ сіздердің ібадаттарыңызды Өзінің дәрғаһында қабыл етсін!


Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Құрбан айт намазы қалай оқылады