Сұлулық байқауының жеңімпазы наубайханада: өмір күтпеген арнаға бұрылды

Түркияда сұлулық байқауларының жеңімпазы, модель және аудармашы Ирмок Озтош наубайханада жұмыс істей бастауымен жұртшылықтың назарын аударды. Бұл туралы Odatv хабарлады.
Ол 2022 жылы «Best Model» ұлттық байқауында «Оңтүстік-Шығыс Анадолының үздік моделі» атағын жеңіп алған, сондай-ақ Оңтүстік Кореяда өткен «World Miss University» байқауына қатысқан. Кейінірек ол актерлік және модельдік армандармен Стамбулға көшіп барған, бірақ ол жерде жұмыс табу мүмкіндігі туындамаған.
Содан кейін ол туып-өскен қаласы Измирге оралады. Измир экономика университетінің аударма ісі мамандығын тәмамдағанымен, 7 ай бойы өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды.
Ирмок Озтош бұған дейін ағылшын тілінен түрік тіліне екі кітап пен бір деректі фильмді аударғанын да мәлімдеген. Ол жасанды интеллекттің дамуы да кейбір мамандықтар бойынша жұмыс табуды қиындатып жатқанын атап өтті.
Ақыр соңында ол тұрақты табыс табу мақсатында наубайханада жұмыс істеуге шешім қабылдайды. Оның танысы да актер болу арманымен Стамбулға барғаны, бірақ қазір наубайханада жұмыс істеп жүргені айтылады.
«Актерлік шеберлікті үйренгім келді, бірақ әкем оқуды бітіруге кеңес берді. Қазір болса өз нанымды тауып жүрмін», дейді Ирмок Озтош.
Оның хикаясы Түркиядағы еңбек нарығы мен жастарды жұмыспен қамту мәселелерін тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!