date

Жұмыртқа қайнатылған суды неге төгуге болмайды

Неге жұмыртқа қайнатылған суды төгуге болмайды?

Егер сіз де жұмыртқа қайнатылған суды раковинаға төге салатындардың бірі болсаңыз, келесі жолы бұл істі жасамас бұрын жақсылап ойлануыңызға тура келеді.

Мамандардың айтуынша, жұмыртқа піскеннен кейін қалған суды раковинаға төгу ұсынылмайды. Бұған негізгі себеп — қайнаған судың сантехника жүйесіне кері әсерін тигізуі.

Соның ішінде сифон, оның гофрленген шлангілері және кәріздегі ПВХ құбырлары тығыздығын жоғалтуы мүмкін. Өйткені бұл бөлшектердегі резеңке тығыздағыштар жоғары температураға арналмаған және қайнаған судың әсерінен тез істен шығады.

Бұдан бөлек, егер раковина жасанды материалдардан, әсіресе акрилден жасалған болса, қайнаған судың әсерінен және суық-ыстық судың жиі алмасуы нәтижесінде оның бетінде ұсақ жарықтар пайда болады. Уақыт өте келе бұл жарықтар тереңдеп, раковинада сызаттар туындауы мүмкін.

Қайнаған суды тек сантехника бөлшектері металдан жасалған жағдайда ғана төгуге болады. Сондай-ақ керамогранит пен агломераттан жасалған раковиналар да бұған жатпайды, мұндай материалдар 180°C-қа дейінгі температураға төтеп бере алады.

Ал мамандар жұмыртқа қайнатылған суды босқа төккенше, оны суытып, тұрмыстық қажеттіліктерге, әсіресе бөлме гүлдерін суаруға пайдалануды ұсынады. Өйткені жұмыртқа қабығы өсімдіктер үшін маңызды саналатын кальций карбонаты мен кальций фосфаты сияқты заттарға бай, олар қабықтың шамамен 90 пайызын құрайды.

Қайнату процесінде кальцийдің бір бөлігі қабықтан бөлініп, судың құрамына өтеді.

Кальций өсімдіктерде жүретін көптеген метаболикалық процестерге қатысады, көмірсу мен ақуыз алмасуына әсер етеді, сондай-ақ топырақтың қышқылдылық деңгейін қалыпты ұстап тұруға көмектеседі.

Бірақ бұл жерде де мөлшер маңызды. Артық кальций өсімдіктердің басқа микроэлементтерді сіңіруіне кедергі келтіруі мүмкін.

Мысалы, бор мен азоттың игерілуіне кері әсер етіп, темір қосылыстарын байлап тастайды. Бұл жапырақтарда ақшыл дақтардың пайда болуына және өсімдік өсуінің баяулауына әкеп соғады.

Сол себепті мұндай суды 3–4 аптада бір рет пайдалану мақсатқа сай деп есептеледі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Пайдалы » Жұмыртқа қайнатылған суды неге төгуге болмайды