date

Фарғанада қатты жаңбыр салдарынан ондаған үйді су басты

Фарғанада қатты жаңбыр салдарынан ондаған үйді су басты

Фарғана облысының Бешарық ауданында 90-нан астам үйді су басты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Мәлім етілгендей, ағымдағы жылдың 1 мамырында сағат 21:41-де 112 жүйесі арқылы Бешарық ауданында қатты жаңбыр жаууы салдарынан «Ворух Дашт» және «Жаңақорған» махалла азаматтар жиынының кейбір көшелерінде орналасқан 90-нан астам тұрғын үйдің ауласына жаңбыр суы кіргені туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына Фарғана облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, облыстық және аудандық әкімдік өкілдері дереу жетіп, жағдайдың салдарын жою жұмыстарын жедел түрде жүргізуде», - делінген хабарламада.

Атап өтілгендей, жою жұмыстарына барлық қажетті күш пен техникалық құралдар тартылып, жағдай толық бақылауға алынды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ.

«Аталған жағдайдың салдары қысқа мерзімде жойылады деп күтілуде», - деп қосымша хабарланды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Фарғанада қатты жаңбыр салдарынан ондаған үйді су басты