date

Хормуз бұғазы маңындағы кемелерге жасалған шабуылдар шиеленісті ушықтырып тұр

Хормуз бұғазы маңындағы кемелерге жасалған шабуылдар шиеленісті күшейтуде

Хормуз бұғазы маңында сауда кемелеріне екі рет шабуыл жасалды. Бұл туралы Ұлыбританияның Теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.

Бірінші жағдайда танкерге белгісіз снарядтар тигені тіркелген. Оқиға БАӘ-ден шамамен 78 теңіз милі солтүстікте орын алған.

Екінші жағдайда Иранның Сирик қаласы маңында бірнеше шағын қайық жүк кемесіне шабуыл жасаған. Мәлім етілгендей, бұл жер оқиға болған нүктеден 11 теңіз милі қашықтықта орналасқан.

Екі жағдайда да экипаж мүшелеріне зақым келмегені атап өтілді.

Бұған дейін Дональд Трамп сауда кемелерін бұғаздан алып шығу бойынша операция басталғанын жариялаған болатын.

Иран болса, мұндай әрекеттерді бітімгершілікке қайшы деп бағалайтынын мәлімдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Хормуз бұғазы маңындағы кемелерге жасалған шабуылдар шиеленісті ушықтырып тұр