
Еуропа Чемпиондар Лигасының 4-тур ойындары өте өткір және драмалық түрде өтті. Кеше өткен орталық ойындарда күшті клубтар бір-бірімен кездесіп, кейбір тартыстар жанкүйерлердің есінде ұзақ сақталатын нәтижелермен аяқталды.
"Энфилдтегі" кеш Англия мен Испанияның екі футбол гегемонының қақтығысына айналды. "Ливерпуль" өз алаңында Мадридтің "Реалын" қабылдады және жанкүйерлердің шуылы астында алаңда нағыз сынақ матчын көрсетті. Кездесудегі жалғыз голды Макаллистер соғып, командасына маңызды жеңіс сыйлады. Бұл нәтижемен мерсисайдтықтар турдағы ең маңызды үш ұпайға ие болды.
Ойын барысында "Ливерпуль" қақпашысы Мамарадашвили бірнеше құтқарумен командасын сақтап қалды, ал Ван Дейк пен Конате қорғаныста темірдей сенімді әрекет етті. "Реал" сапында Винисиус пен Мбаппе бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастыруға тырысты, бірақ Макаллистердің 61-минуттағы соққысы матч тағдырын шешті.
Ливерпуль - Реал 1:0
Гол: Макаллистер 61
Ливерпуль - Мамарадашвили, Ван Дейк, Конате, Виртс (Киеза, 88), Собослаи, Макаллистер (Джонс, 78), Салах, Брэдли, Экитике (Гакпо, 79), Робертсон (Керкез, 88), Гравенберх
"Реал" - Куртуа, Милитао, Хейзен, Вальверде (Диас, 90), Карререс, Чуамени, Камавинга (Родриго, 69), Гулер (Трент, 81), Беллингем, Винисиус, Мбаппе.
Ескертулер: Макаллистер 52 - Винисиус 23, Хейзен 45+1, Беллингем 60, Каррерас 90+5, Алонсо 90+6
Сол түні Парижде де сұрапыл қақтығыс болды. Қазіргі чемпион "ПСЖ" өз алаңында "Баварияны" қабылдады. Биылғы маусымның ең көп талқыланған ойыншыларының бірі Луис Диас бірінші таймда-ақ дубль жасап, мюнхендіктерді алға шығарды. Бірақ ол үзіліс алдында дөрекі әрекеті үшін алаңнан қуылды, ал "Бавария" екінші таймды он адаммен өткізді. Осының өзі "ПСЖ"-ға мүмкіндік берді, бірақ париждіктер тек бір гол соғып, жеңілістен құтыла алмады - 1:2.
ПСЖ - Бавария 1:2
Голдар: Невеш 74 - Диас 4, 32
ПСЖ - Шевалье, Хакими (Майюлу, 45+7), Маркиньос, Пачо, Нуну Мендеш, Заир-Эмери, Фабиан Руис (Невеш, 66), Витинья, Барколя (Рамуш, 66), Хвича, Дембеле (Ли Кан Ин, 25)
Бавария - Нойер, Упамекано, Та, Киммих, Гнабри (Бишоф, 46), Олисе, Павлович, Станишич, Лаймер, Диас, Кейн (Горецка, 88)
Ескертулер: Мендеш 84 - Бишоф 47, Нойер 49, Станишич 84
Алаңнан қуу: Диас 45+7
Ал Туринде "Ювентус" жанкүйерлерін соңғы минутқа дейін қобалжытып ұстады. Влахович 34-минутта есеп ашса, "Спортинг" сапында Араухо 12-минутта-ақ гол соқты. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды және екі команданың да мүмкіндіктері сақталды.
Ювентус - Спортинг 1:1
Голдар: Влахович 34 - Араухо 12
Ювентус - Ди Грегорио, Калулу, Гатти, Камбиазо, Маккенни, Копмейнерс, Локателли (Миретти, 83), Тюрам (Костич, 72), Консейсау, Йылдыз (Давид, 87), Влахович (Адзич, 83)
Спортинг - Сильва, Вагианнидис (Куарежма, 67), Диоманде, Инасиу, Араухо, Юльман, Симоес (Морита, 82), Кенда, Тринкан, Гонсалвеш (Алиссон Сантос, 82), Иоаннидис (Суарес, 72).
Ескертулер: Тюрам 24, Камбиазо 27 - Гонсалвеш 33, Араухо 61, Юльман 73
Мадридтің екінші командасы - "Атлетико" өз алаңында "Юнионды" 3:1 есебімен жеңді. Альварес, Галлахер және Льорентенің голдары "матрасшыларға" сенімді жеңіс әкелді.
Атлетико - Юнион 3:1
Голдар: Альварес 39, Галлахер 72, Льоренте 90+6 - Сайкс 80
Атлетико - Облак, Молина, Ле Норман (Хименес, 26), Ханско, Руджери, Симеоне (Льоренте, 88), Барриос, Коке (Альмада, 62), Баена (Галлахер, 62), Альварес, Гризманн (Сёрлот, 62).
Юнион - Шерпен, Халайли (Патрис, 85), Макаллистер, Берджесс, Сайкс, Зорган, ван де Перре (Расмуссен, 74), Шуфс, Нианг, Аит Аль Хадж (Буфаль, 74), Родригес (Жигер, 74)
Лондонның "Тоттенхэм" клубы да жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады - "Копенгагенді" 4:0 есебімен жеңді. Джонсон мен Одобердің нәтижелі ойыны командаға ең ірі жеңістердің бірін әкелді.
Тоттенхэм - Копенгаген 4:0
Голдар: Джонсон 19, Одобер 51, ван де Вен 64, Палиния 67
"Тоттенхэм": Викарио, Порро, Ромеро (Дансо, 73), ван ве Вен, Уоджи (Спенс, 73), Бентанкур, Сарр, Джонсон, Саймонс (Палиния, 61), Одобер, Коло Муани (Ришарлисон, 73).
Копенгаген - Котарски, Кудзуки, Перейра, Хатцидиакос, Лопес, Ларссон (Дадасон, 46), Лерагер, Клам, Ашури (Роберт, 76), Мукуко (Клайессон, 72), Мухаммад Эль-Юнусси (Корнелиус, 72).
Қолданбаған пенальти: Ришарилсон 90+2
Алаңнан қуу: Джонсон 61
Грецияда "Олимпиакос" пен "ПСВ" арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды, голдар Мартинс пен Пепидің еншісінде.
Олимпиакос - ПСВ 1:1
Голдар: Мартинс 17 - Пепи 90+3
Олимпиакос - Цзолакис, Родине, Рецос, Пирола, Ортега, Музакитис, Гарсия (Насименто, 63), Мартинс, Шикинью (Торемий, 73), Поденсе (Коштинья, 83), Аль-Кааби (Скипиони, 83)
ПСВ - Коварж, Дест, Схаутен, Гасеровски, Салах-Эддин (Ваннер, 67), Сайбари (Баду, 84) Мауро Жуниор, Ман, Верман, Тиль (Пепи, 58), Перишич.
Сонымен қатар, Норвегиядағы "Будё-Глимт" - "Монако" матчы да күткендей жауынгерлік рухта өтіп, қонақтар сапында Балогунның голы есепті анықтады - 0:1.
Будё-Глимт - Монако 0:1
Гол: Балогун 43