«Әл-Наср» Роналдудың клубта қалуы үшін жаңа жоспар әзірледі

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду қолданыстағы келісімшарты аяқталғаннан кейін, 2027 жылдың жазында «Әл-Насрдан» кетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .
Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, Сауд Арабиясы Роналдудың елде қалуы үшін оны клуб иесі ретінде ұстап қалу нұсқасын қарастыруда. Жоспар бойынша футболшының «Әл-Насрдағы» қазіргі үлесі 15%-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Лига Роналду кеткен жағдайда жаһандық қызығушылықтың күрт төмендеп кетпеуі үшін түрлі сценарийлерді талдап жатыр.
Роналду 2023 жылы еркін агент ретінде «Әл-Насрға» келген еді. Ағымдағы маусымда ол Сауд клубы сапында 20 матчқа қатысып, 17 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз