Роналду зейнетке шығу уақытын белгіледі

"Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду футболдан қашан кететінін шешуге жақын. Журналист Бен Джейкобстың айтуынша, португалдық жұлдыз қазіргі келісімшарты аяқталған кезде 2027 жылдың жазында Сауд Арабиясы клубынан кетуді жоспарлап отыр. Бұл ақпаратты euro-football.ru хабарлайды.хабарлайды.
Дереккөзге сәйкес, Роналду сол уақытта кәсіби мансабын да аяқтауы мүмкін. Бес рет "Алтын доп" иегері болған футболшы 2027 жылға қарай 42 жаста болады.
Роналду 2023 жылдың басынан бері "Әл-Наср" үшін ойнап келеді. Қазіргі уақытта 40 жастағы шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатында 16 матчта 16 голмен бомбардирлер жарысында көш бастап тұр.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз