date

Компани ПСЖ-дан жеңілгеніне қарамастан финалға шығатынына сенетінін айтты

Компани ПСЖ-дан жеңілгеніне қарамастан финалға шығатынына сенетінін айтты
Еуропа футболындағы ең беделді турнир — УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы тартысты матчтан кейін “Бавария” бас бапкері Винсент Компани өз ойымен бөлісті. Ол ПСЖ-ға қарсы 4:5 есебімен жеңілгеніне қарамастан, командасының мүмкіндігіне сенетінін атап өтті.

Белгілі болғандай, Компани бұл ойынды дисквалификацияға байланысты алаң шетінен емес, трибунадан бақылауға мәжбүр болды. Оның айтуынша, матч жанкүйерлер үшін нағыз шоуға айналған.

«Мұндай ойынды көру, әрине, қызық. Бірақ бұл мен үшін ең жақсы орын емес. Бұл футболды сүйетіндер үшін тамаша кездесу болды», — деді бапкер.

Компани әсіресе қарымта ойында командасының әлі де мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Оның пікірінше, “Бавария” өз алаңында мүлде басқа ойын көрсетеді.

«Біз ешқашан берілмейміз. Германиядағы атмосфера мүлде өзгеше болады. Қарсылас біздің алаңға келеді және біз бар күшімізді саламыз. Қажет болса, соңына дейін күресеміз», — деді маман сенімді түрде.

Бапкердің айтуынша, есеп 2:5 болған кезде де командада қорқыныш болмаған. Ол өзін пессимист санамайтынын, тіпті ең аз мүмкіндік болғанның өзінде бәрін өзгертуге болатынына сенетінін айтты.

«Егер кем дегенде 1 пайыз мүмкіндік болса да, бәрі өзгеруі мүмкін. Біз сенеміз. Қазір басымдық ПСЖ жағында, бірақ қарымта ойында жеңуіміз керек», — деді Компани.

Қысқасы, “Бавария” үшін әлі ештеңе жоғалған жоқ. Енді бар назар Мюнхендегі қарымта матчқа ауған. Ал жанкүйерлер тағы бір драмалық әрі тартысты ойынды тағатсыздана күтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Компани ПСЖ-дан жеңілгеніне қарамастан финалға шығатынына сенетінін айтты