date

«Ливерпуль» Олисе трансфері үшін 200 миллион еуро төлейді

«Ливерпуль» Олисе трансфері үшін 200 миллион еуро төлейді

Франция құрамасының бұрынғы қорғаушысы Марсель Десайи «Бавария» шабуылшысы Майкл Олисенің болашағына қатысты өз пікірін білдірді. Әлем чемпионы 24 жастағы футболшының Мюнхен клубында ұзақ уақыт қалатынына сенбейді.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Десайи Олисені ерекше шеберлік иесі және команда шабуылының негізгі күші деп атады. Оның айтуынша, футболшының доппен жұмыс істеуі мен тәртібі таңқаларлықтай жоғары деңгейде.

Бұрынғы қорғаушы Олисені әлемнің үздік ойыншыларының қатарына қосты.

Майкл Олисе 2024 жылы «Кристал Пэлас» клубынан 53 млн еуроға «Баварияға» ауысқан болатын. Қазіргі уақытта оған «Real Madrid», «Barcelona» және «Ливерпуль» сияқты клубтар қызығушылық танытуда.

Атап айтқанда, ағылшын клубы футболшы үшін 200 млн еуро төлеуге дайын екені айтылуда.

«Бавария» басшылығы болса жағдайға сабырмен қарап отыр. Клубтың бас директоры Ян-Кристиан Дрезен мен спорттық директоры Макс Эберль футболшының 2029 жылға дейін келісімшарты бар екенін және оны жазда сату ниеттері жоқ екенін атап өтті.

Олисе осы маусымда мюнхендіктер сапында 44 ойынға қатысып, 18 гол соқты және 29 нәтижелі пас берді. Оның көмегімен «Бавария» 30-шы рет Германия чемпионы атанды және енді Чемпиондар лигасының жартылай финалында «ПСЖ»-ға қарсы бақ сынайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Ливерпуль» Олисе трансфері үшін 200 миллион еуро төлейді