date

ПСЖ ЧЛ жартылай финалында «Баварияны» 5:4 есебімен жеңді

ПСЖ ЧЛ жартылай финалында Баварияны 5:4 есебімен жеңді

UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалдық кезеңі аясында «ПСЖ» және «Бавария» командалары арасындағы алғашқы кездесу аяқталды. Голдарға толы өткен бәсекеде Париж клубы 5:4 есебімен жеңіске жетіп, қарымта ойын алдында кішігірім басымдыққа ие болды.

Кездесудің 17-минутында Гарри Кейн пенальтиді дәл орындап, қонақтарды есепте алға шығарды. Алайда «ПСЖ» шабуылшысы Хвича Кварацхелия 24-минутта таразы басын теңестірді.

Тайм аяқталғанға дейін айдын иелері сапында Жоау Невеш пен Усман Дембеле гол соқса, «Бавариядан» Майкл Олисе өз есімін таблоға жаздырды.

Екінші таймда да шабуылға негізделген ойын жалғасты. Кварацхелия мен Дембеле дубль жасап, париждіктердің бесінші голын соқты.

Мюнхендіктер сапында Дайо Упамекано мен Луис Диас айырмашылықты минималды деңгейге дейін қысқарта алды, бірақ есепті теңестіруге уақыт жетпеді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, «Бавария» допқа иелік ету бойынша 54 пайыздық көрсеткішпен басым болды. Алайда «ПСЖ» қақпаға 14 соққы бағыттап, дәлдік тұрғысынан тиімдірек әрекет етті.

Кездесу барысында төреші айдын иелеріне 3 сары қағаз көрсетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » ПСЖ ЧЛ жартылай финалында «Баварияны» 5:4 есебімен жеңді