date

Шетелдегі өзбекстандықтар және онлайн төлем мәселесі

Соңғы уақытта шетелде тұрып жатқан өзбекстандықтар банк қосымшаларын пайдалануда күрделі мәселелерге тап болуда. Телефон ауыстырғанда немесе қосымшаны қайта орнатқанда қолданушылардан жеке басын қайта растау талап етіледі, бірақ бұл үдеріс тек Өзбекстан аумағында ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, банктер растау кодтарын тек телефон арқылы жіберіп, электронды пошта арқылы жіберуді жолға қоймаған. Бұл шетелдегі өзбекстандықтар үшін қосымша қиындықтар туғызуда. Орталық банктің дерегінше, бұл шектеулер киберқауіпсіздікті күшейту мақсатында енгізілген. Соңғы жылдары банк карталарына қатысты алаяқтық жағдайларының көбейгеніне байланысты, 2024 жылғы қыркүйектен бастап банк қосымшасына алғаш рет кіру немесе жаңа құрылғыда қайта тіркелуді тек Өзбекстан аумағында жүзеге асыру міндетті болып бекітілген. Алайда бұған дейін тіркелген қолданушылар шетелде банк қосымшаларын пайдалануды жалғастыра алады. Орталық банктің Киберқауіпсіздік орталығы басшысының орынбасары Даврон Абдуллаевтың айтуынша, бұл шара алаяқтық жағдайлардың алдын алу үшін қажет болған. Сонымен қатар, банктер клиенттерге көмек көрсету үшін тәулік бойы call-орталықтар құрған. Арнайы жағдайда клиенттер банк қызметкерлерімен бейнебайланыс арқылы жеке басын растау мүмкіндігіне ие болады. Дегенмен, шетелдік қолданушылар SMS кодтардың тек Өзбекстан телефон нөмірлеріне жіберілетініне, электронды пошта арқылы растау мүмкіндігінің жоқтығына шағымдануда. Экономист Ботир Қобылов бұл мәселені Telegram-дағы жазбасында сынап, SMS арқылы растаудан бас тартып, email немесе push-хабарламаларды енгізуді ұсынды. Мамандардың пікірінше, Өзбекстанда банк қызметтеріне қолданылатын қатаң географиялық шектеулер қолданушыларға қолайсыздық тудыруда. Қазіргі технологиялардың көмегімен қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, ыңғайлылықты сақтау мүмкін. Мысалы, бейімделетін аутентификация, бейне арқылы жеке басын анықтау және биометрияны пайдалану сияқты технологиялар тиімді шешім бола алады. Орталық банк халықаралық тәжірибені зерделеу мақсатында KPMG компаниясымен бірлесіп кең ауқымды талдауларды бастаған. Олар банк инфрақұрылымы мен киберқауіпсіздік жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Бұл үдеріс 2025 жылы аяқталады деп күтілуде.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Шетелдегі өзбекстандықтар және онлайн төлем мәселесі