Әлем бойынша 149 млн пайдаланушының құпиясөзі интернетке тарап кетті

Ауқымды деректердің таралуы салдарынан түрлі онлайн сервистердің 149 млн пайдаланушысына қатысты мәліметтер ашық интернетке жайылды. Тараған базада логиндер мен құпиясөздер, банк карталарының деректемелері, сондай-ақ мемлекеттік жүйелерге кіруге арналған қызметтік кілттер де бар. Бұл туралы podrobno.uz хабарлады хабарлайды .
Wired технологиялық басылымының мәліметінше, зардап шеккендердің қатарында Google-дың Gmail пошта сервисіне тиесілі 48 млн аккаунт, Facebook әлеуметтік желісінің 17 млн аккаунты және Binance криптобиржасының 420 мың есептік жазбасы бар. Сонымен қатар, стриминг платформаларына кіру кілттері де интернеттен табылғаны айтылуда.
Әзірге таралу көзі және бұл мәліметтердің кімге тиесілі екені анықталған жоқ. Алдын ала бағалауларға сәйкес, мұндай үлкен көлемдегі деректерді жинау үшін киберқылмыскерлер зиянды бағдарламаларды пайдаланған болуы мүмкін.
Бұған дейін Өзбекстанда көлік ағынын «ақылды» басқару үшін орнатылған шамамен жүз жол камерасынан тұратын желі ұзақ уақыт құпиясөзсіз ашық тұрғаны туралы да хабарланған еді. Аталған осалдық кез келген пайдаланушыға нақты уақыт режимінде миллиондаған адамның қозғалысын бақылауға, жолаушылардың жүздерін көруге және жоғары айқындықтағы бейнемұрағаттарға қол жеткізуге мүмкіндік бергені айтылған. Кейінірек ресми тұлғалар бұл ақпаратты жоққа шығарған.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!