
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров TON блокчейн технологиясы негізінде жаңа Cocoon (Confidential Compute Open Network) деп аталатын орталықтандырылмаған желінің іске қосылатынын жариялады. Бұл жобада жасанды интеллект пен блокчейн технологиялары біріктіріледі және ол өз жұмысын қараша айында бастайды.
Бұл жаңалықты Дуров Дубайда өткен Blockchain Life 2025 форумында хабарлады. Дуровтың айтуынша, соңғы жылдары адамдар цифрлық еркіндіктерінен айырылуда және оны орталықсыздандыру арқылы қалпына келтіруге болады.
Ол әзілмен жаңа желіні "Жекеменшік жасанды интеллект желісі" — қысқартылғаны P.A.I.N ("ауру") деп атауды ойлағанын айтып өтті. Жаңа желінің жұмысын GPU майнерлері қолдайды, олар Toncoin (TON) токендерінде сыйақы алады.
Telegram болса, жобаға пайдаланушылардың назарын аударуға көмектеседі. Бағдарламашылар жасанды интеллект құралдарын қолдана алады, ал пайдаланушылар өз құпиялылығын сақтап, заманауи технологиялармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.
Павел Дуров TON негізінде Cocoon желісін ұсынды
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар