date

Тони Кроос "Эль-Класикода" "Барсаға" қай ойыншы жетіспейтінін айтты

Тони Кроос "Эль-Класикода" "Барсаға" қай ойыншы жетіспейтінін айтты

Испания чемпионатының оныншы турынан орын алған кезекті "Эль-Класико" тек алаңда ғана емес, түрлі сараптамалармен де есте қалды. Онда "Реал Мадрид" каталондық қарсыласын 2:1 есебімен жеңсе, команданың бұрынғы аты аңызға айналған футболшысы Тони Кроос бұл ойында "Барселона" сапында қандай ойыншы жетіспегенін атап өтті.

"Барселона" үшін ең маңызды адам Иниго Мартинес болды, - деді Кроос. - Мен мұны бұрын да айтқанмын. Ол қорғаныстан шығуды өте әдемі ұйымдастыратын, бірінші пасты дұрыс беретін футболшы еді. Қорғаушы ретінде ол командаға тыныштық пен тепе-теңдік берді. Рас, оған жылдамдық жетіспеді, бірақ техникалық жағынан ол керемет ойыншы болды. Ал "Эль-Класикода" оның жоқтығы үлкен олқылық тудырды."

Неміс футболшысының айтуынша, "Барселонаның" орталық қорғанысы "Реалдың" жоғары прессингіне шыдай алмады, дәл осы кезде Мартинестің рөлі айқын сезілді. "Каталониялықтар осы қысымның астында қатты қиналды, өйткені қорғаныс арқылы әдемі ойын бастау мүмкіндігі қалмады. Иниго Мартинестің пастары қарсыластың прессингін бұзуға қабілетті болды. Ал қазір олар оның орнын басатын футболшы таба алмады," - деді Кроос.

Иниго Мартинес "Барселонамен" чемпиондық маусымды аяқтағаннан кейін Сауд Арабиясының "Ан-Наср" клубына ауысқаны белгілі. Оның командадан кетуі "Барселонаның" қорғаныс шебінде белгілі бір бос орын туғызғанын көптеген сарапшылар да айтып келеді.

"Реал Мадрид" бұл жеңісімен турнир кестесіндегі көшбасшылық позициясын одан әрі нығайтты. Тони Кроостың айтуынша, "Эль-Класикодағы" әрбір кішкентай тактикалық деталь да нәтижеге әсер етеді және бұл жолы "Барселонаға" дәл бір тәжірибелі қорғаушы қажет болғаны анық көрінді.

Көптеген испан басылымдары да Кроостың пікірімен келісіп, "Барселонаның" қорғаныстағы дәл емес әрекеттері командаға қарсы жұмыс істегенін жазуда. Бәлкім, клуб қысқы трансферлік терезеде дәл осы нүктені нығайтуды бірінші міндет ретінде белгілеуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Тони Кроос "Эль-Класикода" "Барсаға" қай ойыншы жетіспейтінін айтты