
Соңғы күндері Винисиус Жуниордың болашағына қатысты көптеген қауесеттер таралуда. Қауесеттерге қарағанда, бразилиялық футболшы мен "Реал Мадрид" бас бапкері Хаби Алонсо арасындағы нашар қарым-қатынасқа байланысты Винисиус клубтан кетуі мүмкін.
Бұдан бөлек, Мадрид клубы 2026 жылы футболшыны сату мүмкіндігін қарастыруда, себебі егер келісімшарт ұзартылмаса, бір жылдан кейін ол еркін агентке айналады. The Sun газетінің хабарлауынша, егер Винисиус "Реалдан" кетсе, Ұлыбритания Премьер-лигасының "үлкен алтылығы" өкілдері – "Арсенал", "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Челси", "Манчестер Юнайтед" және "Тоттенхэм" футболшыны өз клубтарына қосу үшін таласады.
25 жастағы Винисиустың трансферлік құны Transfermarkt порталының мәліметінше – 150 миллион еуроға бағаланған.
Винисиус АПЛ-дың топ клубтарына өтуі мүмкін
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз