date

Nike-тен моторлы аяқ киім: Енді жүру оңайырақ болады!

Nike-тен моторлы аяқ киім: Енді жүру оңайырақ болады!

Әлемдегі жетекші спорт брендтерінің бірі болған Nike кезекті технологиялық жаңалығын жариялады. Компания өзінің ресми парақшасы арқылы "Project Amplify" атты моторлы кроссовкалардың прототипін көпшілікке таныстырды. Бұл инновациялық жоба әзірге пилоттық кезеңде, болашақта спорт пен күнделікті жүріске түбегейлі өзгеріс әкеледі деп күтілуде.

"Project Amplify" - бұл пайдаланушының жүру немесе жүгіру қимылын анықтап, қозғалысқа көмектесетін қозғалтқыштармен жабдықталған кроссовка. Құрылғының ішінде орналасқан сенсорлар мен батарея жүйесі арқылы аяқ қозғалысы талданады және оған қосымша импульс беріледі. Бұл жүруді жеңілдетеді және шаршауды азайтады.

Nike бұл технологияны реабилитация кезінде, ұзақ қашықтыққа жүретін спортшылар мен егде жастағы жүруге қиналатын пайдаланушылар үшін ерекше пайдалы деп санайды.

Әзірге бұл модель жаппай өндіріске емес, прототип ретінде жасалған. Nike компаниясы пайдаланушылардан пікірлер жинап, болашақ модельде ыңғайлылық пен тиімділікті арттыруды жоспарлап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Nike-тен моторлы аяқ киім: Енді жүру оңайырақ болады!