date

Өзбекстанның ЖІӨ-і 167 млрд долларға жетеді

Oʻzbekiston YAIMi 167 milliard dollarga yetadiӨзбекстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) келесі жылы 167 млрд долларға жетеді деп күтілуде. Бұл туралы Президент Шавкат Мирзиёев Олий Мәжілістегі сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Сондай-ақ елде «Өндіріс пен тиімділікті екі есе арттыру» бағдарламасын іске асыру жоспарланған. Бағдарлама аясында 200 млн доллар көлемінде халықаралық кредиттер мен гранттар тартылады. Бұдан бөлек, Өзбекстанда «Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы» құрылады. Аталған орталық робототехника, заттар интернеті және «ақылды зауыттар» сияқты «Индустрия 4.0» шешімдерін енгізумен айналысады. Компаниялар жаңа технологияларды өндіріске енгізбес бұрын оларды сынақтан өткізу мүмкіндігіне ие болады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанның ЖІӨ-і 167 млрд долларға жетеді