
Transfermarkt интернет порталы 2025 жылы өз сайтында ең көп қаралған футболшылардың тізімін жариялады. Бұл рейтинг футбол жанкүйерлері арасында қай ойыншыларға қызығушылық жоғары екенін айқын көрсетті.
Белгілі болғандай, 40 жастағы Криштиану Роналду тізімде бірінші орынды иеленіп, әлі де ең көп назар аударуда. Оның артынан 38 жастағы Лионель Месси орын алып, қос аңыз футбол әлеміндегі көшбасшылықты ешкімге бергісі келмейтінін тағы бір дәлелдеді.
Рейтингтің үшінші сатысынан жас дарын - 18 жастағы Ламин Ямал орын алды. Оның қысқа уақыт ішінде үздік үштікке кіруі жанкүйерлер арасындағы қызығушылықтың күрт артып келе жатқанын көрсетеді.
Осылайша, тәжірибе мен жастықтың үйлесімі 2025 жылы да футбол жанкүйерлерінің назарын аударуды жалғастыруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.