date

Ата-аналардың назарына: 1-сыныпқа қабылдау толық электронды тәртіпке өтті

Ата-аналардың назарына: 1-сыныпқа қабылдау толық электронды тәртіпке өтті

Өзбекстанда 2026–2027 оқу жылы үшін жалпы орта білім беру мектептерінің 1-сыныбына қабылдау үдерісі толық электронды түрде жүзеге асырылады. Бұл туралы Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігі хабарлады.

Атап өтілгендей, жаңа тәртіпке сәйкес қабылдау үдерісі екі кезеңде ұйымдастырылады. Яғни, 20 маусымнан 31 шілдеге дейін балалар микроаудан шеңберінде мектепке онлайн өтініш бере алады. 1 тамыздан 31 тамызға дейін микроауданнан тыс аймақтар үшін электронды қабылдау ашылады.

Мәліметтерге сәйкес, онлайн қабылдау жүйесі енгізілген аудан және қала саны 64-тен 135-ке дейін ұлғайтылған. Сондай-ақ бұл жүйеге қосылған мектептер саны да едәуір артып, 1956-дан 5689-ға жеткен.

Өтініштер Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы — my.gov.uz және my.maktab.uz платформасы арқылы қабылданады.

Жаңа оқу жылына 1-сыныпқа қабылданатын балалардың жасы дәстүрлі түрде белгіленген: 7 жасқа толған, яғни 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған балалар қабылданады.

Онлайн жүйе әлі толық енгізілмеген өңірлерде қабылдау дәстүрлі түрде мектептер арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық мәліметтер мектептерде ашық жарияланып отырады.

Сондай-ақ, 12 атаудан тұратын оқу құралдары бар Президент сыйлықтары биыл 20 тамызға дейін барлық білім беру мекемелеріне жеткізілетіні хабарланды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Ата-аналардың назарына: 1-сыныпқа қабылдау толық электронды тәртіпке өтті