date

Солтүстік Корея «ең қуатты» жаңа зымыранын таныстырды

Солтүстік Корея «ең қуатты» жаңа зымыранын таныстырды

Пхеньянда өткен ауқымды әскери парадта Солтүстік Корея өзінің “Хвасон-20” деп аталатын жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыранын таныстырды. Кореяның Орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, бұл қару «ең қуатты ядролық стратегиялық қару» ретінде сипатталған.

Парад Корея Еңбек партиясының құрылғанына 80 жыл толуына орай өткізілді. Іс-шара барысында ел басшысы Ким Чен Ын сөз сөйлеп, КХДР Қарулы күштерін “кез келген қауіп-қатерді жоя алатын жеңілмес әскерге” айналуға шақырды.

Сарапшылардың пікірінше, “Хвасон-20” зымыраны Солтүстік Кореяға АҚШ аумағындағы нысандарға соққы беру мүмкіндігін береді. Парад кезінде КХДР армиясы бұл зымыраннан бөлек, гипердыбыстық қарулар сияқты жаңа жүйелерді де көрсетті.

Сонымен қатар, Пхеньяндағы рәсімге Ресей әскери өкілдері де қатысты. Іс-шарада Қытай премьері Ли Цян, Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысы То Лам және Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев те болды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Солтүстік Корея «ең қуатты» жаңа зымыранын таныстырды