date

Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкциялардың 19-пакетін бірауыздан қабылдады

Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкциялардың 19-пакетін бірауыздан қабылдады

Еуропалық Одақ елдері Украинадағы әскери жанжалдың агрессивті тарабы ретінде айыпталып жатқан Ресейге қарсы кезекті - 19-пакет санкцияларын мақұлдады. Бұл шешім 22 октябрьде Брюссельде өткен Еуропа кеңесінің жиналысы қарсаңында қабылданды, деп хабарлады Reuters агенттігі Дания үкіметінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Біз ЕО-ның барлық мүше мемлекеттері 19-санкция пакеті бойынша шешімге келіп, наразылықтарын алып тастауға келіскені үшін қуаныштымыз. Жазбаша ресми растау процесі басталды. Қарсылық болмаса, пакет ертең таңғы сағат 8-ге дейін қабылданады," - делінген хабарламада.

Брюссельдегі дереккөздердің хабарлауынша, Мәскеуге қарсы шектеулер бірауыздан мақұлданған. Соңғы болып қарсылықты Словакия қайтарып алса, Австрия да пакетті бұғаттамайтынын мәлімдеген еді. Осылайша, Еуропа Одағы Ресейге экономикалық және саяси қысымды одан әрі күшейту туралы шешім қабылдады.

Белгілі болғандай, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мәжіліске кешігіп келіп, өз дауысын Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға берген.

Еурокомиссия 19-пакетті қыркүйектің ортасында дайындады, онда энергетика саласына қатысты қатаң шектеулер белгіленген. Атап айтқанда, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейден сұйытылған табиғи газ (СТГ) импортына толық тыйым салу жоспарлануда. Сондай-ақ "көлеңкедегі флот" деп аталатын Ресейге тиесілі кемелер тізімі кеңейтіледі.

Жаңа санкциялар тек Мәскеу компанияларына ғана емес, Ресейдің энергоресурстарын айналып өтіп сауда жасап жатқан үшінші елдерге және олардың фирмаларына да қолданылады. Бұл әсіресе криптовалюта арқылы жүзеге асырылатын операцияларға қатысты болады.

Пакет "Роснефть" және "Газпром нефть" компанияларымен кез келген келісімдерге тыйым салады және Ресей мұнайына қойылған баға шегін одан әрі төмендетеді деп күтілуде. Осы арқылы Еуропа Одағы Ресей экономикасының негізгі көзі болып табылатын энергия экспортын қысымда ұстауды мақсат еткен.

Еуроодақта талқылау барысында ресейлік азаматтарға туристік Шенген визаларын беруді шектеу туралы ұсыныс та қаралды, бірақ соңында визалық шектеулер тізімге енгізілмеді.

Осылайша, Еуропа Одағы жаңа санкциялар арқылы Ресейге ұзақ мерзімді қысым көрсету саясатында тағы бір маңызды қадам жасады. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім Мәскеу үшін экономикалық тұрғыдан ғана емес, саяси тұрғыдан да маңызды сигнал болып табылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкциялардың 19-пакетін бірауыздан қабылдады