date

Оңтүстік Кореяда өзбекстандық терроризмге күдікті деп танылуда


Оңтүстік Кореяда 29 жастағы өзбекстандық студент ұсталды. Chosun басылымының хабарлауынша, ол Африкада құдық қазу қайырымдылық жобасы деген сылтаумен қаражат жинап, оның бір бөлігін ХАМАС пен «Әл-Қаидамен» байланысты топтарға жіберген.

Сондай-ақ күдікті әлеуметтік желілерде жалған парақшалар ашып, экстремистік жазбалар мен соғысқа шақырған үндеулер жариялаған. Қаражат екі жолмен жиналған — криптовалюта арқылы және қолма-қол ақша түрінде, бұл үшін ол отандастар үшін футбол клубын ұйымдастырған.

Енді оған он жылға дейін бас бостандығынан айыру және ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін. Тергеу жалғасуда.

Полиция оның сыбайластары бар-жоғын және жиналған қаражаттың тағы қайда жіберілгенін тексеріп жатыр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Оңтүстік Кореяда өзбекстандық терроризмге күдікті деп танылуда