
Ағылшын футболының танымал әрі тәжірибелі өкілі, бұрынғы қорғаушы Гари Невилл қазіргі уақытта сарапшы ретінде жұмыс істеп, Англия Премьер-лигасындағы чемпиондық жарыс туралы өз ойларын білдірді. Ол биылғы маусымдағы негізгі бәсеке және шешуші факторлар туралы тоқталып өтті.
Қазіргі жағдайда турнир кестесінде 39 ұпай жинаған "Арсенал" көш бастап тұр. Одан бар болғаны екі ұпай артта "Манчестер Сити" екінші орынды иеленген. Үшінші орынды 36 ұпаймен "Астон Вилла" еншілеп тұр. Сондықтан чемпиондық үшін күрес өте тартысты және шиеленісті сипат алған.
Невиллдің пікірінше, “Арсенал” үшін ең маңызды әрі қауіпті қарсылас – “Манчестер Сити”.
“Ең үлкен қатер — 'Сити'. Себебі олардың құрамында Эрлинг Холанд бар, ал команданы Хосеп Гвардиола жаттықтырып отыр. Алаңда да, қосалқы құрамда да ойын тағдырын шеше алатын футболшылары жеткілікті. Бұл 'Арсенал' үшін үлкен сынақ”, — деді сарапшы.
Айта кету керек, “Арсенал” Англия чемпиондығын соңғы рет 2004 жылы жеңіп алған. Соңғы жылдары Микель Артета басшылығындағы команда бірнеше рет чемпиондыққа өте жақын келді. Бірақ шешуші кезеңдерде не “Манчестер Сити”, не "Ливерпуль" олардан озып кететін.
Сарапшылардың пікірінше, биылғы маусым “Арсенал” үшін кезекті сынақ болады. Чемпиондық арманын жүзеге асыру үшін лондондықтар тек тұрақты ойын ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрғыдан да қарсыластарына төтеп берулері қажет. Жанкүйерлер болса осы жылдағы жарыстың тарихи нәтижемен аяқталуын үмітпен күтуде.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.