date

Ташкент дизайн-кодында автотұрақтар бойынша қандай жаңалықтар ұсынылды

Ташкент дизайн-кодында автотұрақтар бойынша қандай жаңалықтар ұсынылды

Ташкенттің дизайн-коды жобасы қоғамдық талқылау үшін regulation.gov.uz порталына орналастырылды. Құжатта елордадағы автотұрақтарды ұйымдастыру бойынша бірқатар жаңа тәсілдер қарастырылған. Бұл туралы kursiv.uz хабарлады.

Жобаға сәйкес, жүріс бөлігі бойындағы тоқтау орындары орталық және шеткі аумақтардағы автокөлік ағыны салыстырмалы түрде төмен көшелерде, сондай-ақ көлік-алмасу тораптарында рұқсат етілуі мүмкін. Бұл ретте автотұрақ пен жаяу жүргінші аймағы нақты шекаралармен міндетті түрде бөлінуі тиіс.

Көлік қозғалысы жоғары көшелерде, жаяу жүргінші көшелерінде және қала алаңдарында автотұрақтарды орналастыруға шектеулер енгізу ұсынылады.

Махаллаларда жергілікті «парковка қалташаларын» ұйымдастыруға жол беріледі. Кеңес дәуірі мен заманауи құрылыс басым аумақтарда шашыраңқы тоқтау орындарының орнына орталықтандырылған автотұрақтар салу ұсынылады.

Нарықтар, мәдениет және демалыс орындарының айналасындағы автотұрақтар нысандардың есептік келушілер санына сүйене отырып жобаланады. Мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті орындар бөлу және жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау көзделген.

Рекреациялық аумақтарда тоқтау орындарын негізгі алаңдардан тысқа шығару ұсынылады. Сондай-ақ жүргізуші көлігін қалдырып, қоғамдық көлікке ауыса алатын «перехват» автотұрақтары басым бағыт ретінде белгіленген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ташкент дизайн-кодында автотұрақтар бойынша қандай жаңалықтар ұсынылды