date

Уилл Смитке шапан мен тақия сыйға берілді

Өзбекстандық блогер Уилл Смитке ұлттық шапан сыйлады
Өзбекстандық блогер Саидзам Ризаев танымал америка актері Уилл Смитке ұлттық шапан мен тақия сыйлады. Бұдан бөлек, Ризаев Голливуд жұлдызын Өзбекстанға келуге шақырды.

Блогердің айтуынша, ұлттық киім актерге өте жақсы үйлескен. Уилл Смит болса тақияны қалай дұрыс кию керектігін қызығып сұраған.

«Бұл керемет», — деп пікір білдірді актер сыйды қабылдай отырып. Уилл Смит 1968 жылғы 25 қыркүйекте дүниеге келген.

Ол актерлік мансабын 1990 жылы «Беверли-Хиллз ханзадасы» сериалы арқылы бастаған. Сонымен қатар, «Жаман жігіттер», «Қара киімділер», «Хэнкок» сынды экшн фильмдерде рөл ойнаған.

2022 жылы Смит «Оскар» сыйлығының иегері атанды. Актерліктен бөлек, Смит рэп орындаушы ретінде де танымал.

Ол 1989 және 1992 жылдары екі рет «Грэмми» сыйлығымен марапатталған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Уилл Смитке шапан мен тақия сыйға берілді