date

Учтепа ауданы әкімдігі қызметкері 3 мың доллармен ұсталды

Учтепа ауданы әкімдігі қызметкері 3 мың доллармен ұсталды

Ташкент қаласының Учтепа ауданы әкімдігі өкілінің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі.

Әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету және абаттандыру бөлімінің бас маманы кәсіпкерден заңсыз түрде 3 мың доллар алған сәтінде заттай дәлелдермен ұсталды.

Ол 2026 жылы аудан аумағында бұзылуы тиіс сауда дүкендері мен өзге де нысандардың тізімі жасалып жатыр деп айтып, кәсіпкерге тиесілі дүкенді аудан әкімдігінде жоғары лауазымда жұмыс істейтін жақын байланыстары арқылы бұл тізімге енгізбеу және бұздырмау үшін ақша талап еткен.

Бас маманға қатысты Қылмыстық кодекстің 168-бабы 3-бөлігі «в» тармағы (қызметтік жағдайын пайдаланып алаяқтық жасау) және 28, 211-бабы 1-бөлігі (пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Учтепа ауданы әкімдігі қызметкері 3 мың доллармен ұсталды