date

«Барселона» Испания Суперкубогында 100-голын атап өтті

«Барселона» Испания Суперкубогында 100-голын атап өтті

Испания Суперкубогының жартылай финалында каталониялық «Барселона» Бильбаоның «Атлетигіне» қарсы ойында толық басымдық танытып, қарсылас қақпасына бес гол соқты. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды хабар береді.

Ойындағы соңғы, бесінші голды бразилиялық Рафинья соқты. Дәл осы доп «Барселона» үшін турнир тарихындағы мерейтойлық — 100-гол болды.

«Барселона» 1983 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Испания Суперкубогында ең көп гол соққан команда болып қала береді. Жеке көрсеткіштер бойынша турнирдің үздік сұрмергені де «Барселона» өкілі — Лионель Месси (14 гол).

Еске салайық, «Барселона» Испания Суперкубогын 15 рет жеңіп алған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Барселона» Испания Суперкубогында 100-голын атап өтті