date

Анже, Ницца және Гавр жеңіске жетті

Анже, Ницца және Гавр жеңіске жетті
1-лиганың тоғызыншы турындағы бірнеше кездесулер аяқталды. "Анже" аутсайдерлер арасындағы бәсекеде "Лорьянды" 2:0 есебімен жеңді.

Команда сапында Питер Проспер мен Сидики Шериф гол соқты. Қонақтар өздеріне берілген пенальтиді жүзеге асыра алмады.

"Ницца" болса сырт алаңда "Реннді" 2:1 есебімен ұтты. Софьян Диоп пен Жонатан Клосс бірінші тайм соңындағы голдарымен командасына жеңіс сыйлады.

Иелер сапында Абдельхамид Айт Будлал есеп айырмасын қысқартқан еді, ал кездесудің 90-минутында Мұхаммед Мете соққан гол офсайд деп танылып, есепке алынбады. "Гавр" да сырт алаңда "Осерді" 1:0 есебімен жеңді.

Иелердің қақпасына жалғыз голды 47-минутта Абдулайе Туре соқты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Анже, Ницца және Гавр жеңіске жетті