date

Бернарду Силва: Қорытынды жасауға әлі ерте

Бернарду Силва: Қорытынды жасауға әлі ерте

"Манчестер Сити" футболшысы Бернарду Силва "Астон Виллаға" қарсы жеңілістен кейін командасының биылғы маусымдағы ойындары туралы пікір білдірді. "Алда әлі ұзақ жол бар.

Мен әзірге асығыс қорытынды жасағым келмейді. Біз кестенің жоғарғы жағында болғымыз келеді, бірақ біз әлі ол жерде емеспіз.

Қорытынды жасауға әлі ерте," - деді португалиялық футболшы ойыннан кейін. Айта кетейік, "Манчестер Сити" "Астон Вилладан" 0:1 есебімен жеңілді.

Хосеп Гвардиоланың командасы 9 турдан кейін 16 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде төртінші орында тұр және көшбасшы "Арсеналдан" 6 ұпайға артта қалып отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Бернарду Силва: Қорытынды жасауға әлі ерте