
Ресейлік танымал маман Валерий Овчинниковтың пікірінше, Ресей ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысады. Маманның айтуынша, жақын арада халықаралық қауымдастық Ресей құрамаларының УЕФА мен ФИФА туы астындағы жарыстарға қайта оралуы қажет екенін мойындайды.
«Ресей құрамасы Әлем чемпионатына қатысады. Бізді америкалықтар іріктеусіз қабылдайды», – деді Овчинников «Советский спорт» басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Ресей ұлттық құрамасы 2022 жылдан бері барлық жарыстардан шеттетілген және тек жолдастық кездесулер өткізіп келеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар