date

Жером Боатенг Баварияда тағылымдамадан өтпейді

Жером Боатенг Баварияда тағылымдамадан өтпейді
Германия құрамасы мен "Баварияның" бұрынғы қорғаушысы Жером Боатенг Мюнхен клубында тағылымдамадан өтпейді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар келіссөз жүргізіп, Боатенгтің "Бавариядағы" тағылымдамасын тоқтатуға шешім қабылдады. Футболшы өзіне қатысты жанжал клубқа зиян келтірмесін деп қаламайды, делінеді Германия чемпионының мәлімдемесінде.

Еске салайық, Боатенг 2011 жылдан 2021 жылға дейін Мюнхен клубында өнер көрсетті. Германия құрамасы сапында ол 76 ойынға қатысып, бір гол соққан.

2014 жылы ол "Бундестиммен" бірге әлем чемпионы атанған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Жером Боатенг Баварияда тағылымдамадан өтпейді