
Неміс қақпашысы Марк-Андре тер Штеген жақын арада Каталонияның «Барселона» клубынан кетуі мүмкін. Бұл туралы журналист Саша Таволери хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, 33 жастағы қақпашыға Лондонның «Челси» клубы қызығушылық білдіруде. Футболшының өзі клубын ауыстыруға дайын, себебі ол «көк-анар түстілердің» негізгі құрамындағы орнын жоғалтқан.
Тер Штеген 2026 жылғы Әлем чемпионатының алдында үнемі алаңға шығуды қалайды. Transfermarkt мәліметтері бойынша, қақпашының трансферлік құны 8 миллион еуроға бағалануда.
Оның «Барселонамен» қолданыстағы келісімі 2028 жылдың ортасына дейін жалғасады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз