Калифорния жүргізушісіз көліктерге айыппұл салуға рұқсат берді

Калифорнияда жүргізушісіз көліктерге айыппұл салуға ресми түрде рұқсат берілді. Жергілікті көлік департаменті жалпыға ортақ жолдарда жүретін автономды көліктерге қатысты ережелерге өзгерістер енгізді.
Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Жаңа ережелерге сәйкес, жүргізушісіз көліктерді жолға шығаруға жауапты компаниялар шұғыл қызметтердің шақыртуына 30 секунд ішінде жауап беруі міндетті. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ереже бұзған көліктер үшін тікелей оператор-компанияларға айыппұл жазу құқығына ие болды.
Бұрынғы заңнама жүргізушісіз көлікке айыппұл салуға мүмкіндік бермеген еді. Сонымен қатар, оператор компания қызметкерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді.
Енді олар автономды көлік құралын басқару алдында арнайы лицензия мен рұқсатнама алуы талап етіледі.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!