date

Пентагон ірі жасанды интеллект компанияларымен жабық желі құру туралы келісімге келді

Пентагон ірі жасанды интеллект компанияларымен жабық желі үшін келісім жасасты

АҚШ Қорғаныс министрлігі жасанды интеллект саласындағы жеті жетекші компаниямен — SpaceX, OpenAI, Google, NVIDIA, Reflection, Microsoft және Amazon Web Services-пен келісімшарт жасасқанын жариялады. Олардың ірі тілдік модельдері армия мүддесі үшін заңды түрде жедел пайдалану мақсатында Пентагонның жабық желілеріне орналастырылады.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлады.

Әскери ведомствоның мәліметінше, бұл деректерді өңдеуді жеделдетуге, үлкен көлемдегі ақпаратты талдауға көмектесуі, сондай-ақ күрделі жағдайларда шешім қабылдауды жылдам әрі дәл етуі тиіс. Құралдарға қолжетімділік АҚШ қорғаныс жүйесінде қазірдің өзінде қолданылып жатқан GenAi.mil платформасы арқылы жүзеге асырылады.

Пентагонның атап өтуінше, алғашқы бес ай ішінде платформаны 1,3 миллионнан астам қызметкер пайдаланған. Жүйе он миллиондаған сұранысты өңдеп, жүздеген мың жасанды интеллект агенті іске қосылған.

Әскерилер жасанды интеллект қазіргі уақытта дербес шешім қабылдаушы оператор ретінде емес, ең алдымен көмекші құрал ретінде пайдаланылатынын және түпкілікті жауапкершілік адамның мойнында қалатынын баса айтты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Пентагон ірі жасанды интеллект компанияларымен жабық желі құру туралы келісімге келді