Xiaomi компаниясы 2026 жылы Smart Band 10 Pro білезігін шығарады

"Xiaomi" компаниясы 2026 жылғы мамыр айында жаңа буын фитнес-білезігі — "Smart Band 10 Pro" моделін таныстырады деп күтілуде. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Инсайдерлердің мәліметінше, құрылғы қара, ақ, күміс түсті, қызғылт сары және қызғылт түстерде шығарылады. Сондай-ақ, ақ түсті керамикалық нұсқасы да сатылымға шығарылады деп жоспарланған.
Жаңа модельдің құрастырылу сапасы жоғары деңгейде болатыны атап өтілді. Стандартты нұсқаның салмағы 40 грамнан кем, ал керамикалық нұсқасы 50 грамнан ауыр болады.
Салыстыру үшін айта кетейік, 2024 жылғы қазан айында шыққан "Band 9 Pro" небәрі 24,5 грамм тартқан еді. Керамикалық нұсқаның пайда болуы "Xiaomi" компаниясының "Smart Band" желісінің беделін арттыруды мақсат еткенін білдіреді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз