date

Родриго қыста "Реалдан" кетпек

Родриго қыста "Реалдан" кеткісі келеді
Мадридтің "Реал" клубының қанат ойыншысы Родриго командадан кетуді жоспарлап отыр. ESPN Brasil ақпаратына сәйкес, 24 жасар бразилиялық футболшы өз орнынан риза емес болып, қыста жаңа командаға ауысуға шешім қабылдаған.

Родриго әсіресе Англия Премьер-лигасына ауысуды ұнататынын атап өткен. Биылғы маусымда футболшы Испания Ла Лигасында 10 ойынға қатысып, гол соқпаған әрі нәтижелі пас бермеген.

Ал Чемпиондар лигасында үш ойында екі нәтижелі пас берген. Футболшының трансферлік құны 80 миллион еуроға бағалануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Родриго қыста "Реалдан" кетпек