date

«Real Madrid» клубы 124 жасқа толды

«Real Madrid» клубы 124 жасқа толды

Бүгін футбол әлеміндегі ең ұлы және табысты командалардың бірі "Реал Мадрид" өзінің 124 жылдық мерейтойын атап өтуде. Мадридтіктер тек Испания емес, бүкіл әлем футболының тарихында өшпес із қалдырған клуб саналады. Бұл күн клуб жанкүйерлері үшін нағыз мереке. Мұндай sports.ru хабарлайды.

"Реал Мадрид" өз тарихында көптеген рекордтарды жаңартты. Чемпиондар лигасы мен Испания чемпионатында ең көп жеңіске жеткен команда болумен қатар, ХХ ғасырдың үздік клубы деп танылды. Әсіресе, 2014 жылдан 2024 жылға дейінгі кезең клуб үшін алтын дәуір болды. Осы уақыт аралығында команда 6 рет Чемпиондар лигасының бас жүлдесін иеленді. Сондай-ақ, 2016 жылдан 2018 жылға дейін қатарынан үш рет Еуропа тағына отырған команда футбол тарихында теңдессіз нәтиже тіркеді.

Клуб аңызы Альфредо Ди Стефано айтқандай, "Реал Мадрид" бұл жай ғана команда емес, ерекше сезім. Бұл клубты жай ғана бақылау емес, оны жүрекпен сезіну керек. Әлем бойынша миллиондаған жанкүйерлерді біріктіріп тұрған бұл феномен өз ұлы дәстүрлерін жалғастыруда. Бүгінгі таңда клубтың дамуына үлес қосқан барлық адамдар, бапкерлер мен футболшылар осы жетістіктердің негізгі жасаушылары.

"Реал Мадрид" болашақта да жаңа шыңдарды бағындыра беретініне күмән жоқ. Өзінің бай тарихымен және жеңімпаз рухымен клуб футбол әлемінің орталығында қала береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Real Madrid» клубы 124 жасқа толды