Месси дубль жасады: «Интер Майами» сырт алаңда жеңіске жетті

MLS чемпионатының 8-туры аясында «Колорадо Рэпидс» және «Интер Майами» командалары арасында тартысқа толы кездесу өтті.
Бәсекеде Флорида штатының намысын қорғайтын «Интер Майами» командасы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің басты қаһарманы тағы да Лионель Месси болды — ол қарсылас қақпасын екі рет дәл көздеп, дубль авторы атанды. Осылайша, аргентиналық жұлдыз кәсіби мансабындағы жалпы голдар санын 905-ке жеткізді.
Ойын барысында тараптар бір-біріне қарсы жоғары қарқын мен шабуылдаушы стиль көрсетті. «Колорадо» да екі рет жауап голын соқты, бірақ соңғы сөзді қонақтар айтты.
Нәтижесінде «Интер Майами» маңызды үш ұпайға ие болып, өз еншісін 15 ұпайға жеткізді және Шығыс конференциясында 2-орынға көтерілді. Ал «Колорадо Рэпидс» Батыс конференциясында 6-сатыда қалды.
MLS. 8-тур
Колорадо Рэпидс – Интер Майами 2:3
Голдар: Наварро 58, Япи 62 – Месси 18 (пенальти), 80, Бертераме 45+5
«Интер Майами» құрамы: Сент-Клер, Фрей, Лужан (Пинтер 70), Микаэль, Аллен, Де Пауль, Брайт, Сеговия, Сильветти (Аллен 70), Бертераме, Месси.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!