date

«Манчестер Ситиде» үлкен тазарту: жақында келген екі футболшы клубтан кетеді

«Манчестер Ситиде» үлкен тазарту: жақында келген екі футболшы клубтан кетеді...

«Манчестер Сити» жазғы трансфер терезесі алдында команда құрамын елеулі түрде қайта қарауды жоспарлап отыр. «Қалалықтар» бірқатар футболшылармен қоштасып, жаңа күштерді тарту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыруды мақсат етеді.

Бұған дейін команда жетекшілерінің бірі Бернарду Силваның жазда клубты тастап кететіні туралы мәліметтер пайда болған еді. Сондай-ақ, қорғаушы Джон Стоунзбен де қоштасу ықтималдығы айтылған.

Енді тағы екі футболшының тағдыры сұрақ астында қалды. Football Insider мәліметінше, маусым аяқталғаннан кейін Омар Мармуш пен Тиджани Рейндерс те командадан кетуі мүмкін.

Дереккөзге сүйенсек, екі футболшы да клубқа келгеннен бері күтілген деңгейде әсер ете алмаған және негізгі құрамдағы орнын жоғалтқан. Бұл бапкерлер штабының оларға деген сенімінің төмендеуіне себеп болған.

Ағымдағы маусымда Омар Мармуш барлық жарыстарда 30 ойынға қатысып, 6 гол және 3 гол пас берген. Бұл көрсеткіштер нашар көрінбесе де, команда деңгейі үшін жеткіліксіз деп бағаланған.

Ал Тиджани Рейндерс 44 ойында алаңға шығып, 7 гол және 7 нәтижелі паспен көзге түскен. Соған қарамастан, оның ойыны тұрақтылық жағынан сұрақтар тудырғаны айтылуда.

Қысқасы, «Манчестер Ситиде» үлкен «тазарту» процесі күтілуде. Клуб жаңа маусым алдында құрамды жаңартып, одан да мықты және тиімді команда құруға бел буған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Манчестер Ситиде» үлкен тазарту: жақында келген екі футболшы клубтан кетеді