date

Николас Жексон жазда «Бавариядан» кетеді

Николас Жексон жазда

"Бавария" спорт директоры Макс Эберль шабуылшы Николас Жексонның биылғы жазғы трансфер терезесінде команданы тастайтынын растады. Мюнхен клубы басшылығы сенегалдық футболшыны сатып алу құқығын пайдаланбауға шешім қабылдады.

Бұл туралы Goal.com хабар береді.

Жексон өткен жылы Лондонның "Челси" клубынан жалға Германияға ауысып келген еді. Шарт бойынша, футболшы белгілі бір мөлшердегі матчтарға қатыспағандықтан, "Бавария" оны толық сатып алу міндетіне ие емес.


24 жастағы шабуылшы мюнхендіктер сапында 29 матчқа түсіп, 10 гол соқты. Ол негізінен жұлдызды әріптесі Гарри Кейннің орнын басушы ретінде ойнады.

Жексонның "Челси" клубымен қолданыстағы келісімшарты 2033 жылға дейін есептелген.

Сондай-ақ, клубтан Леон Горетцка мен Рафаэл Геррейро да кететіні белгілі болды. Олардың келісімшарттары аяқталуға жақын.

Сонымен бірге, Макс Эберль Майкл Олисенің командада қалатынын атап өтті.

Олиске "Реал Мадрид" пен Англия Премьер-лигасының бірқатар клубтары қызығушылық танытқанына қарамастан, ол Мюнхенде қалады. Франциялық футболшының келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды және онда өтемақы қарастырылмаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Николас Жексон жазда «Бавариядан» кетеді