date

«Манчестер Юнайтед» «Ливерпульді» жеңіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді

«Манчестер Юнайтед» «Ливерпульді» жеңіп, тарихи жеңіске қол жеткізді

Ағылшын Премьер-лигасының 35-турындағы ең орталық әрі көптен күткен кездесу — ағылшын футболындағы атақты «класикода» «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Ливерпульді» тізе бүктірді. «Олд Траффордта» өткен тартысты бәсеке жанкүйерлерге нағыз футбол спектаклін сыйлады.

Кездесу өте жоғары қарқынмен басталды. Алаң иелері алғашқы минуттардан бастап бастаманы қолға алып, 6-минутта Кунья арқылы есепті ашты.

Көп ұзамай, 14-минутта Шешко есептегі басымдықты нығайтып, «Юнайтед» қарсыласын қысым астында қалдырды.

Екінші таймда «Ливерпуль» ойынға қайта оралды. Алдымен 47-минутта Собослаи есеп айырмасын қысқартса, артынша 56-минутта Гакпо таразы басын теңестірді.

Осылайша, бәсеке одан сайын шиеленісіп, интрига қайта қызды.

Алайда соңғы сөзді алаң иелері айтты. 77-минутта жас талант Майну шешуші голды соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Қалған уақытта «Юнайтед» қорғанысы сенімді ойын көрсетіп, басымдықты сақтап қалды.

Айта кетерлігі, манкуниандықтар 10 жылдық үзілістен кейін өздерінің басты қарсыласы «Ливерпульді» бір маусымда екі рет жеңуге қол жеткізді. Бұған дейін мұндай нәтижені 2015/16 жылғы маусымда Луи ван Гал жаттықтырған команда тіркеген болатын.

АПЛ.

35-тур
Манчестер Юнайтед — Ливерпуль 3:2
3 мамыр, «Олд Траффорд»
Голдар: Кунья (6), Шешко (14), Майну (77) — Собослаи (47), Гакпо (56).
Манчестер Юнайтед — Ламменс, Далот, Магуайр, Хевен, Шоу, Каземиро, Майну, Фернандеш (Йоро, 90+6), Кунья (Зиркзе, 87), Мбеумо (Доргу, 75), Шешко (Диалло, 46).
Ливерпуль — Вудман, ван Дейк, Конате (Кьеза, 87), Фримпонг (Нгумоха, 75), Робертсон (Керкез, 59), Гравенберх, Собослаи, Мак Аллистер, Джонс, Гакпо, Виртц.
Ескертулер: Шоу (49), Джонс (75), Фернандеш (81), Гакпо (85).

Бұл жеңіс «Манчестер Юнайтед» үшін өте маңызды болды. Команда ұпай санын 64-ке жеткізіп, турнир кестесінде 3-орынды бекітті және екі жылдық үзілістен кейін Чемпиондар Лигасының жолдамасын иеленді.

Ал «Ливерпуль» 58 ұпаймен 4-орында қалып отыр және алдағы турларда өз орнын сақтап қалу үшін күрделі күрес жүргізуіне тура келеді.

Қысқаша айтқанда, «Олд Траффордтағы» бұл дерби тек нәтижесімен ғана емес, эмоциясы, интригасы және тарихи маңызымен ұзақ уақыт есте қалатын ойындардың біріне айналды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Манчестер Юнайтед» «Ливерпульді» жеңіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді