Қоқыстан сән үлгісін жасаған бала желіні таңғалдырды

Әлемдік деңгейде әлеуметтік желілерде тағы бір ерекше талант иесі қызу талқыға түсуде. Эфиопиялық жас өнерпаз Kalu Putik қоқыстарды пайдалана отырып, өзіндік және тартымды образдар жасауымен қысқа уақыт ішінде үлкен танымалдылыққа ие болды.
Оның жұмыстары қарапайым сәннен мүлдем өзгеше. Kalu ескі, тастап жіберілген киімдерді, түрлі мата қиындыларын және тіпті қоқысқа айналған бұйымдарды қайта өңдеп, оларға жаңа өмір сыйлайды.
Нәтижесінде эстетикалық тұрғыдан өте қызықты, креативті және назар аударарлық стильдер пайда болады.
Жас блогердің видеолары әлеуметтік желілерде жылдам таралуда. Қысқа мерзім ішінде ол мыңдаған емес, миллиондаған жазылушы жинады.
Әрбір ролигі дерлік көп қаралым жинап, пайдаланушылар тарапынан белсенді талқылануда.
Жазылушылар оның тек қиялын ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жағдайда да шығармашылықпен айналысу қабілетін жоғары бағалауда. Кейбіреулер Kalu-дің жұмыстарын экологиялық сананы қалыптастыруда маңызды деп санайды.
Өйткені ол қоқысты жай ғана тастап жіберудің орнына, олардан пайдалы және әдемі өнім жасауға болатынын көрсетіп отыр.
