Иранның соққылары: Таяу Шығыста АҚШ-тың 16 базасы істен шықты

CNN телеарнасының хабарлауынша, Иран жасаған соққылардың салдарынан Таяу Шығыста орналасқан АҚШ-қа тиесілі бірқатар әскери нысандар қатты зақымданған. Хабарламада стратегиялық маңызы бар кемінде 16 база мен құрылыс істен шыққаны немесе уақытша жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғаны атап өтілген.
Мәліметтерге сәйкес, бұл шабуылдардың нәтижесінде нысандардың басым бөлігі зақымданып, оларды пайдалану мүмкіндігі шектелген. Бұл аймақтағы әскери инфрақұрылымның айтарлықтай әлсірегенін білдіреді.
Әсіресе, маңызды саналатын кейбір базаларға бірнеше рет соққы берілуі жағдайды одан сайын ушықтырған.
Атап айтқанда, Әл-Удейд әуе базасына екі рет шабуыл жасалғаны хабарлануда. Онда орналасқан әуе қозғалысын бақылау орталығы да зақымданып, уақытша істен шыққан.
Аталған орталық аймақтағы әуе операцияларын үйлестіруде маңызды рөл атқарады.
Әзірге ресми Вашингтон бұл жағдайға қатысты толыққанды түсініктеме берген жоқ. Дегенмен, жағдайдың дамуы халықаралық қауымдастықтың назарында қалып отыр.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!