date

Sierra стартапы 950 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты

Sierra стартапы 950 млн доллар инвестиция тартты

Брет Тейлор негізін қалаған Sierra жасанды интеллект стартапы 950 миллион АҚШ доллары көлемінде жаңа инвестиция тартты. Қаржыландырудың бұл кезеңіне Tiger Global және GV компаниялары жетекшілік етті.

Бұл туралы Techcrunch.com хабарлады.

Нәтижесінде стартаптың жалпы құны 15 миллиард АҚШ долларынан асты.

Компания өкілдерінің айтуынша, жаңадан тартылған 1 миллиард долларға жуық қаражат тұтынушыларға қызмет көрсету саласында жаһандық стандартты қалыптастыруға жұмсалады. Sierra өз қызметін бірнеше жыл бұрын төрт дизайн серіктесімен бастаған болатын.

Қазіргі таңда Fortune 50 тізіміндегі компаниялардың 40 пайыздан астамы Sierra клиенттері болып табылады. Платформадағы жасанды интеллект агенттері ипотекалық несиелерді қайта қаржыландырудан бастап, сақтандыру талаптарын қарауға дейінгі миллиардтаған операцияларды жүзеге асыруда.

Компанияның табысы да қарқынды өсіп келеді. Қараша айының соңында жылдық қайталанатын табыс 100 миллион АҚШ долларына жетсе, ақпан айының басында бұл көрсеткіш 150 миллион АҚШ долларын құрады.

Sierra өз платформасының мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Сәуір айында компания басқа агенттерді құруға арналған Ghostwriter құралын іске қосты.

Пайдаланушылар өз қажеттіліктерін табиғи тілде түсіндіреді және жүйе автоматты түрде арнайы агентті жасайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Sierra стартапы 950 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты