
Өзбекстанның 26 көлік-логистика орталығына құрғақ порт мәртебесі берілді. Бұл шешім БҰҰ-ның ЕСКАТО ұйымы аясында Бангкокта өткен жиында қабылданғанын Көлік министрлігі хабарлады.
Құрғақ порттар санатына Навои Карго, Нүкіс орталығы, Мультимодальды Транс Терминал және Термез логистика орталығы кіреді. Еске сала кетсек, Өзбекстан 2021 жылы құрғақ порттар туралы келісімге қосылған болатын.
Бұл құжат Ресей бастамасымен әзірленіп, 2013 жылы Бангкок қаласында қол қойылған. Оны Бангладеш, Үндістан, Қазақстан, Оңтүстік Корея секілді мемлекеттер ратификациялаған.
Құрғақ порттар – жүктерді қабылдау, уақытша сақтау, кедендік тексеру және ресімдеу жұмыстарын жүзеге асыратын логистика орталықтары. Әдетте, олар теңіз порттарына жақын орналасады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.