date

Өзбекстанда әуе билетін сатып алуға қызығушылық бір жылда 21%-ға артты

О'zbekistonda aviachipta xaridiga qiziqish bir yilda 21% ga oshdi

2025 жылы Өзбекстанда әуе билеттерін іздеу және брондау белсенділігі өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға өсті. Aviasales.uz әуе нарығы бойынша жыл қорытындысы талдауы негізінде осындай мәлімет берді. Бұл туралы kursiv.uz хабарлайдыхабарлайды.

Ең үлкен өсім ішкі бағыттарда байқалды: ел ішіндегі рейстерге қызығушылық шамамен 33%-ға артқан. Халықаралық бағыттар да оң динамика көрсетіп, 18%-ға өсті. Нәтижесінде халықаралық брондаулардың үлесі жалпы тапсырыстардың 62%-ына жетті.

Шетелге сапарлар құрылымында Ресей бағытының үлесі азайды: 34%-дан 29%-ға түсті. Бұл ретте Азия мен Кавказға қызығушылық күрт күшейді. Ең үлкен секіріс Қытай бойынша тіркеліп, бұл бағытқа қатысты іздеулер саны екі еседен де көп артқан. Оңтүстік Корея, Әзербайжан, Қырғызстан және Грузия бағыттарында да өсім бар.

Шетелге ұшу билеттерінің орташа бағасы шамамен 5%-ға арзандады. Сондай-ақ саяхатшылар рейстерді бұрынғыдан жақынырақ мерзімде брондай бастады — орта есеппен ұшуға 10 күн қалғанда.

Ішкі рейстерге тиесілі сұраныс үлесі шамамен 20% болды. Ташкент бағытына қызығушылық тұрақты қалған, Самарқанд пен Бұхараға билеттерге сұраныс сәл төмендеген. Алайда Үргеніш пен Нүкіске рейстер танымал бола түсті.

Сонымен қатар, Өзбекстан ішіндегі әуе билеттерінің бағасы орта есеппен 12%-ға өсіп, тікелей рейс үшін 1,096 млн сумға жетті. Aviasales.uz пайдаланушылары жыл бойы ұшуларда 70 млн сағаттан астам уақыт өткізіп, шамамен 750 млн км қашықтықты еңсерген.

Әуе компаниялары рейтингінде Uzbekistan Airways көшбасшылығын сақтап қалды — нарық үлесі 45%. Келесі орындарда Centrum Air, Ural Airlines, Qanot Sharq және Aeroflot аталды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда әуе билетін сатып алуға қызығушылық бір жылда 21%-ға артты