
Өзбекстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Ғылымдар академиясының Қоры жұмысын бастайды. Жаңа құрылым ғылым саласын қаржылай қолдайтын негізгі тетік ретінде қарастырылып отыр. Соның арқасында ғалымдар өз идеяларын қолданбалы жобаларға айналдыру үшін нақты ресурстарға ие болады деп күтіледі. Бұл туралы podrobno.uz хабарлады.хабарбереді.
Қор Ғылымдар академиясы қызметін жаңғыртуға қатысты Президент шешімімен құрылып отыр. Жоспарға сәйкес, жаңа әзірлемелер саны және олардан түсетін табыс 3 есеге арттырылады, жас зерттеушілердің үлесі 60%-ға жеткізіледі. Сондай-ақ ғылым мен өнеркәсіп интеграциясы нығайтылып, халықаралық ынтымақтастық ауқымы кеңейтіледі.
Құжатта стратегиялық маңызы бар зерттеулер мен инновациялық бастамаларды қолдау, жас ғалымдар үшін тұрақты қаржыландыруды жолға қою да көзделген. Бұл шаралар шетелдегі ғылыми диаспора өкілдерін Өзбекстанға қайтаруға және ұлттық ғылымның дамуына тартуға ықпал етеді деп күтіледі.
Сонымен қатар Ғылымдар академиясының инфрақұрылымы кеңейтіледі: жүйеге Озық технологиялар орталығы және Халықаралық молекулалық аллергология орталығы енгізіледі. Наманган, Самарқанд және Термез қалаларында академияның өңірлік бөлімшелері ашылады, Орталық Азияда Халықаралық ғылымдар кеңесінің өңірлік кеңсесі құрылады. Ұлттық археология орталығы Антропология институтына айналдырылады.
Бұған дейін Ташкент қаласында теориялық физиктер үшін жаңа институт ашылатыны туралы да хабарланған еді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.