2026 жылға арналған зекет, пітір және фидия жарияланды

Өзбекстан мұсылмандары басқармасының Фетва орталығы 2026 жыл / хижра 1447 жылы Рамазан айы үшін зекет нисабы, пітір садақасы және фидия мөлшерлері бойынша ресми шешім қабылдады.
Қаулыға сәйкес, ағымдағы Рамазан айы үшін зекет нисабы 585 пробалы шамамен 85 грамм алтын құнына тең - 100 миллион сум болып белгіленді. Осы мөлшерде ақша, коммерциялық тауар немесе алтынға ие болған адам барлық байлығының 2,5 пайызын мұқтаждарға зекет ретінде беруге міндетті болып саналады.
Сондай-ақ пітір садақасы төмендегі мөлшерде белгіленді:
- шамамен 2 кг бидай немесе құны - 10 000 сум;
- шамамен 2 кг бидай ұны немесе құны - 12 000 сум;
- шамамен 4 кг арпа немесе құны - 20 000 сум;
- шамамен 2 кг мейіз немесе құны - 110 000 сум;
- шамамен 4 кг құрма немесе құны - 200 000 сум.
Азаматтар осы бес өнімнің кез келгенін немесе оның ақшалай құнын пітір садақасы ниетімен мұқтаждарға бере алады. Пітір садақасын Рамазан айында, айт намазы оқылғанға дейін беру керек.
Мәлім етілгендей, бір күндік фидия мөлшері де пітір садақасының мөлшеріне тең болады. Яғни, әркім өз мүмкіндігіне қарай жоғарыда аталған бес өнімнің бірін немесе оның құнын фидия ретінде бере алады.
